Топар кентіндегі мал ауруының ошағы әлі табылған жоқ

Қарағанды облысының Топар кентінде шыққан топалаңның ошағы әлі табылған жоқ.

Ветеринарлар вирус болуы мүмкін деген жерлерден сынама алып, ұлттық референттік орталыққа жіберді. Бұдан өзге жайылым мен шабындықтан алынған сынамалар ветеринариялық зерттеуге жолданды. Жауаптылар Топар кенті маңында бұрын-соңды бұл індеттің тіркелмегенін айтады. Сондықтан шекаралас ауылдардан келген болуы мүмкін деген күдік бар. Бірақ бұл әзірге болжам. Мамандар ауру жұққан бұзаумен қатар тұрған. 3 сиырдың да көзін жойды. Қазір кентте сауықтыру және зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Данияр Мерғазин, аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні эпизотиялық ахуал тұрақты. Қосымша ауырған мал тіркелген жоқ. Карантиндік іс-шаралар соңғы инфекция көзі жойылғаннан кейін және қортынды дезинфекцияның нәтижесіне сәйкес 15 күннен кейін алынады.