Петропавлда облыстық аурухананың құрылысы қайта жанданады

Петропавлда облыстық көп салалы аурухананың құрылысы қайта жанданады. 

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты. 500 орындық аурухананың іргетасы 2019 жылы қаланды. Былтыр халық игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда нысанның құрылысы тоқтап қалды. Министр орынбасарының сөзінше, жобалық- сметалық құжатқа түзетулер енгізіліп жатыр. Сосын сараптамадан өтеді. Әлемдік стандартқа сай кешенде онкологиялық диспансер, кардиологиялық және перенаталдық орталық сынды бірқатар мекеме біріктіріледі. Нысан пайдалануға берілген кезде кадр тапшылығы мәселесі шешіледі.

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Бұл аурухана мемлекеттік жекешеншік әріптестік аясында салынады. Оған түрік инвесторы қаржы құйды. Қазір тиісті құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Жоба жүзеге асқан кезде солтүстік қазақстанға шетелден білікті мамандарды тарту көзделіп отыр. Болашақта мұндай жобаны басқа аймақтар да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.