Ұлытау облысында қызылша ауруы дендеп тұр

Жыл басынан бері 42 адамда дерттің белгісі байқалған.

Оның 25-і зертханада расталған. Қазір 4 адам стационарда жатыр. Науқастардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілігі бұрын екпе алмаған. Аурудың  өршуіне байланысты 6 қарашадан бастап халықты қосымша иммундау басталады. Мамандардың айтуынша, өңірде екпені жүргізуге бар жағдай жасалып, арнайы штаб құрылған.

Гүлсара Аймұрзинова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Күні кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес қосымша иммундау басталады. Бұл кезде 6 айлықтан бастап 10 айлыққа дейінгі балалар қосымша қызылшаға қарсы иммундалады. Дәл қазіргі таңда дұрыс шешім бұл вакцина алу.