Ақтөбенің тұрақтандыру қорына жиналатын өнім екі есе көбейеді

Биыл Ақтөбенің тұрақтандыру қорына жиналатын өнім көлемі жылдағыдан екі есе көп болады.

Атап айтқанда, бес мың тоннадан астам картоп, 2 200 тонна сәбіз, мың тонна көлемінде пияз бен қырыққабат сатып алынады. «Бұл маусым-аралық кезеңде нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін толық жеткілікті», - дейді мамандар. Қазіргі таңда көкөніс жинауды міндетіне алған, үш шаруашылық белгіленген көлемнің басым бөлігін қорға тапсырған. Өнімдер желтоқсаннан бастап сауда орындарына шығарылады. Жалпы, тұрақтындыру қорын, көкөніспен қамту үшін 800 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, оңтүстік өңірлерден де, қажетті тауар түрлері тасымалданып жатыр.

Снежанна Күлекенова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Маусымаралық кезеңде бағалар шамалы өздеріңіз білесіздер ғой, баға көтерілетінін өнімдерге. Сол кезде біздер бағаны тұрақтандыру үшін біздің "Табыс" коммуналдық базарына, оның ішінде 18 социальдық павильондары бар, сол жаққа салынады. Тұрақтандыру қорында қазіргі таңда 300 тонна қант бар, 30 тонна қарақұмық, 68 тонна күріш келді. Қазіргі таңда енді күнбағыс майымен келісім-шартқа отыруға келіссөздер жүріп жатыр.