Атырауда студенттер фестивалі өтті

Атырауда облыс әкімдігінің бастамасымен студенттер фестивалі өтті.

Жастардың шығармашылық байланысын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған шара биыл ерекше сарында өтті.  Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында студенттердің өмірінен сыр шертетін қойылым көпшлік назарына ұсынылды. 

Студенттер фестивальге келген көрермендерді театр алдында әнмен қарсы алды. Одан кейін қонақтарға студенттік өмірді, жатақхананы еске салған қойылым ұсынылды. Әсіресе түрлі декорация көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Қойылым өнерлі жастардың концертіне ұласты.

Айзат Болатқалиқызы, студент:

- Белсенді студенттердің бірімін. Ән айтамын. Бізде осыған дейін колледжде студенттік фестиваль болды. Біздің фестиваль жоғары деңгейде өтті. Студенттермен түрлі би-ән болды. Күйшілер болды. Жоғары деңгейде өткіздік. Біздің колледжден жартысынан көбі осы фестивальге жолдама алды.

Студенттер фестиваліне қатысуға 185 адам іріктелді. Оларды өңірге танымал өнер жұлдыздары дайындады. Сахнадағы әр қимыл, ән мен би олар үшін мол тәжірибе болғаны анық.

Ерболат Балабаев, студенттер фестивалін ұйымдастырушы:

- 6 аудандағы оқу орындарынан тек қана 1 оқу орны қатысты. Ол – Құрманғазы ауданы. Ал қаладан 12 оқу орны қатысты. Осы уақытқа дейін дәстүрлі түрде «Студенттік көктем» деп аталды. Қазір енді көктем мезгілі болмағасын «Студенттік фестиваль» деп өзгерттік. Негізі дәстүрлі студенттік көктем. Жақсы мақсаты – студенттердің бірігуі. Облыстық деңгейде біріккен шарадағы атмосфераны өз оқу орындарына жеткізу – ең бір жақсы мақсаты.

Фестиваль аясында шығармашыл жастарға мүмкіндік берген оқу орындарының басшылары марапатталды. Сонымен қатар үздік шыққан білім ордаларына жүлделер берілді.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов