Ш. Ниязбековтың туғанына 85 жыл

Биыл Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков 85 жасқа толады.

Атаулы датаға орай суретші туған Жамбыл өңірінде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Меркі аудандық тарихи өлкетану музейінде «Қазақтың асқақ беделі – көк Туым» атауымен экскурсия ұйымдастырылды. Мекеме ұжымы оқушыларға ұлттық рәміздердің пайда болу тарихын түсіндірді. Әрі өнертапқыштардың көрмесі өтті. Ал оқушылар байрағымыз жайында өлеңдер оқыды.

Айман Жүрсіналиева, Меркі аудандық тарихи өлкетану музейінің бөлім жетекшісі:

- Осы тудың авторы Шәкен Ниязьековтың өмірімен, өмір жолымен, ол кісінің туындыларымен таныстыру – біздің мақсатымыз. Сондай-ақ оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мақсат етіп отырмыз.