Атырауда маман тапшылығын жоюдың жаңа жолы ұсынылды

Атырау дәрігерлерінің сыйақысын өсіруі мүмкін.

Денсаулық сақтау басқармасы маман тапшылығын осылай шешпек. Осыған дейін өзге өңірлерден мұнда келген дәрігерлерге 3-5 млн теңге көлемінде берілген. Енді 10 миллион теңгеден алса несі бар? Облыстық мәслихат бұл жобаны мақұлдаса, жергілікті бюджеттен бөлінетін сыйақы мөлшері өседі. Осылайша келетін мамандардың жағдайы жақсара түспек. Қазір өңірде 160-тан астам медицина маманы жетіспейді. Жас мамандар мұнда көбінесе Ақтөбе, Орал, Алматы мен Шымкент қалаларынан келеді. Биыл 107 дәрігер қызметке орналасты. Атырау бұдан бөлек, бакала-вриат, резидентураға 106 грант бөліп отыр.

Нұрсұлтан Хусанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Бір реттік төленетін жәрдемақы ол республикалық бюджеттен емес, ол жергілікті бюджеттен қаржыландырылады әрқашанда. Әр облыс өзінің қаражатына сәйкес, өзінің жағдайына қарай сол қаражатты қарастырады. 3 млн-ды және 5 млн-ды қалаға беретін, ауылға беретін алдағы уақытта 2027 жылға дейін 10 млнға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Оның барлығын есептеп, саралап, ұсынысымызды облыстық мәслихатқа беру арқылы олардың шешімімен өзгеріс енеді.