Алматы облысында теміржол желісінің құрылысы басталды

Алматы облысында Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды.

Жаңа бағыт Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы ұзындығы 130 шақырым теміржол төселеді, 3 станция, 13 көпір, бес теміржол және 1 автокөлік өткелі салынады. Жобаның құрылысына 1400 жұмысшы тартылып, отандық өндірістен шыққан материалдар қолданылады. Жаңа теміржол желісі Алматы арқылы Орталық Азияға, Еуропаға және Каспий теңізі порттарына бағытталған транзиттік жүктердің өтуін едәуір жылдамдатады.

Қанат Әлмағамбетов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл теміржол желісі біріншіден,, транзиттік пойыздардың қозғалысын жақсартады, өткізу мерзімін 1,5-2 тәулікке дейін қысқартады. Сәйкесінше транзиттік жүк тасымалының көлемі артады. Алматы торабының жүктемесін азайтып, жүк жеткізушілер мен қабылдаушыларға қызмет көрсету жұмысын да жеңілдетеді.