Жаңаарқа кентіндегі аурухана ауданаралық болып қайта құрылады

Ұлытау облысының Жаңаарқа кентіндегі көпбейінді аурухана ауданаралық мекеме болып қайта құрылады.

Себебі, аталған аудан облыс орталығынан 350 шақырым қашықта орналасқан. Шағын ауруханаға ауданаралық мәртебе беру-шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға сеп болмақ. Осы мақсатта бұрынғы «Мейір» емханасын қайта қолданысқа беру үшін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  90-жылдары жекенің қолына өтіп кеткен типтік ғимарат қайта сатып алынды. Жөндеу жұмыстарына республика қазынасынан 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жөндеуден соң емхана толығымен заманауи құрал-жабдықтармен толығады. Жарақаттану және инсульт бөлімшелері ашылады.

Нұрхат Аукешов, Жаңаарқа аудандық ауруханасының директоры:

- Ауысымына 250-300 адам қаралатын емхана салынады. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. енді жоспардан кешігіп жатыр 1 айға. Желтоқсанның 20-сы аяқтайды деп үміттенеміз. Осы біткеннен кейін ауданаралық больница болуға дайындаламыз.