79 мыңға жуық азамат салық төлегісі келмейді

Олардың мемлекет алдындағы жалпы қарызы 543 млрд теңгеден асты.

Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған дерек осындай. Дегенмен, салығын уақтылы өтейтін азаматтарымыз да аз емес. Бүгін профильдік ведомство қабырғасында 20 үздік салық төлеуші марапатталды. Айта кеткен жөн, елде ресми түрде 2 млн 300 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген.

Жандос Дүйсенбиев, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Салық тәртібін қарадық. Және фискалдық мониторинг бойынша бұзушылық болды ма, болмады ма, соны қарадық. Әлеуметтік қоғамға қосқан үлестері маңызды болды. Біздің азаматтарға жаңа жұмыс орындарын жасауын қарадық.