Ақтөбе облысында шалғайдағы елді мекендерге газ келді

Ақтөбе облысында халықтың 95%-і табиғи газ тұтынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл тағы 18 елді мекен газ желісіне қосылды.  Шалғайда орналасқан ауылдарға да көгілдір отын жетті. Мәселен, Мәртөк ауданындағы Байтурасай мен Қаратаусай ауылдарына құбыр тартуға республикалық бюджеттен 195 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде 300-ге жуық отбасы көгілдір отын игілігіне қол жеткізді.

Сәбит Жанәділов, аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда 7 ауылдың газ құбыры жобасы әзірленіп, дайын тұр. Алдағы уақытта республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз.