Жасанды интеллект журналистерге бәсекелес бола ала ма ?

Қалам-қағаз ұстаған тілшілер қауымы жұмыссыз қалуы мүмкін.

Өйткені роботтар дәуірі басталды, - дейді мамандар. Расымен, жасанды интеллект журналистерге бәсеке бола ала ма? Бұл жайында елорадада өткен Media Vision-2023 форумында талқыланды.

Іс-шараға отандық БАҚ өкілдерімен қатар шетелдік сарапшылар қатысты. 3 сессияға созылған басқосуда фактчекинг, этика жайы да қаузалды.

Айта кетейік, бұл медиа форум Германияның Қазақстандағы елшілігінің мұрындық болуымен өтіп жатыр.

Моника Иверсен, Германияның Қазақстандағы Елшісі:

- Жасанды интеллект тақырыбы Германияда да өзекті. Әлі зерттелмеген, қызық тақырып десем болады. Бүкіл әлем жасанды интеллектпен қалай жұмыс істейміз деп бас қатырып отыр. Сондықтан біз үшін қазақстандық әріптестермен осы төңірегінде ой бөлісу маңызды. Жасанды интеллектің жарқыншақтарын қазірден-ақ көріп жатырмыз. Дәстүрлі медиа осы өзгерістерді ескеріп отыруы шарт.

Махаббат Есен, журналист:

- Қазір көріп отырмыз. Әртүрлі агрегатор әртүрлі жаңалықты 10-15 секундта жазып береді. Ешқандай журналисті қажет етпейді. Сондықтан біз бірге отырып, бір тақырыпты талқылап, технологиядан қорқамыз ба, қолданамыз ба, сол сұраққа дискуссия жасаймыз.