«Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып қайта құрылады

Байлықты заңсыз иемденгендерден қайтарылған қаржыға әлеуметтік тұрғын үйлер салу керек.

Мұндай ұсынысты бүгін мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев айтты.

Ал «Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді.

Азаматтарды есепке қою және тұрғын үй бөлу енді «Отбасы банкінің» құзыретіне өтеді. Бұған дейін бұл іспен жергілікті атқарушы органдар айналысып келген. Яғни әкімдіктердің функциясы аталған банкке беріледі. Осындай өзгерістер қамтылған заң жобасын бүгін мәжілісте өнеркәсіп және құрылыс министрі таныстырды.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады. Осыған байланысты Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр. «Отбасы Банк» берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

Отбасы банкіне үй кезегіне тұрғандарға мемлекеттен кепілдік беріледі. Заң жобасында осындай норма бар. Яғни жұрт баспанасын нақты уақытпен алады деген сөз. Кезегі жылжып кету деген болмайды.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде елде 646 мың адам үй кезегінде тұр. Соңғы 3 жылда кезек 200 мыңға өскен. Мұны депутат Елнұр Бейсембаев айтты. Бірнеше жылда кезек 1 млн-ға жетіп қалуы кәдік. Ал жылына мемлекеттен шамамен 10 мың пәтер ғана беріледі. Сондықтан мәжілісмен мұндай әдіспен кезекте тұрғандардың мәселесін шешу мүмкін емес деді. Не істемек керек? Бейсембаев байлықты заңсыз иемденгендерден қайтарылған қаржыға әлеуметтік тұрғын үйлер салайық деген ұсыныс айтты. Ал министр кезекте тұрғандарды баспанамен қамту бойынша жұмысты жылдамдатамыз деп сендірді.

Авторы: Қорған Қонысбайұлы