Зорлық-зомбылықпен күрес халықаралық деңгейде талқыланды

Кемсітушіліктен қорғау істері бойынша мамандандырылған сот жүйесін енгізу керек.

Аталған сот әйел мен баланың, мүгедектердің, қажет болса, ер адамдардың да құқығын қорғауы тиіс. Бұл туралы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланған халықаралық конференцияда айтылды. Қатысушылар әйел құқығын қамтамасыз ететін әкімшілік және қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөнінде сөз қозғады. Нақты айтқанда, барлық қаралатын заң жобаларына гендерлік сараптама жүргізу, мектептер мен балабақшаларда адам құқықтары бойынша міндетті сабақ енгізу және зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтудың толыққанды бағдарламаларын іске қосу туралы ұсыныстар айтылды. Соңғы сегіз жылда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы ауыр қылмыс саны 1100-ден асқан. Бұл статистика заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді дейді мамандар.

Айта кетейік, конференция «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы қарсаңында ұйымдастырылды.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үлкен мәселе, ол мысалға зорлық-зомбылық қазіргі тұрғыда. Бізде қазір ол орташа қылмыс іске ауыстырылған. Біздің ойымызща, біздің фракциямыздың ұстанымы бойынша бұл қайтадан үлкен қылмысқа қайтарылуы керек деп санаймыз. Әйелді осындай түсініксіз, қауіпті жағдайдан шығарып алатын және жақтайтын мемлекеттік құралдар керек.