Ауылдарда алғашқы медициналық нысандарын салуды жеделдету керек

Ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салуды жеделдету керек.

Биыл осындай 99 нысанның құрылысы басталған, 20-сы іске қосылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстың әкімдеріне нысандарды жыл аяғына дейін пайдалануға беруді тапсырды. Кеңесте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Ауқымды жоспар аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны пайда болады. Сонымен қатар инсульт орталықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдерін ашу, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған.