Қонаев қаласында әкелер форумы өтті

Қонаев қаласында «Рухтың күші – әкеде» атты облыстық әкелер форумы өтті.

Мақсаты - отбасы құндылығын дәріптеп, қоғамда әкенің  беделін көтеру. Қазақ­стан қоғамдық даму институты­ның зерттеуі бойынша, елімізде әкелердің 60% от­ба­сын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп отыр. Ал 10 пайызға жуығы бала тәрбиесімен айналысып, шығармашылық және спорттық үйірмелерге апарады екен. Алматы облысының әр ауылында әкелер кеңесі бар. Олар мектеп оқушыларына тәрбие беруге атсалысады. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, өнерге баулып, ұстаздарға қолғабыс етеді. Форум барысында осы қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқан 12 азамат «Асыл әке» төсбелгісіне ие болды.

Жамал Баймәдиева, аналар кеңесінің төрағасы:

- Балаға да көңіл бөледі. Жарын құрметтейді. Отбасын асырайды. Қоғамда беделді. Жұмыс жасап жүрген, жан жақты адамгершілігі мол , нағыз жігерлі, қайратты осындай әкелер көп болса екен деген мақсатпен осы пректіні құрғанбыз.