Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

Аймақ шаруалары биыл 8700 гектарға дақыл сепкен.

Одан 370 мың тонна тәтті түбір жиналды. Орташа түсім әр гектарынан 50-60 центнерден айналып отыр. Өнім Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізіліп, қазір өңделіп жатыр. Шамамен 41 мың тонна қант алу көзделген. Елімізде саланы дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген. Соған сәйкес  өңірдегі қант қызылшасы себілетін алқап көлемі жыл сайын ұлғайтылмақ.

Нұрдәулет Кененбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Келесі жылға біз қант қызылшасының көлемін 11500 гектарға жеткізуіміз керек. Себебі осы қант өндірісінің кешенді жоспарына сәйкес 26 жылға дейін 15 мың гектар қант қызылшасын себуіміз керек.