«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларына осы айда медициналық сақтандыру төленбеген

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысшыларына осы айда медициналық сақтандыру және зейнетақы аударымдары бойынша жарна аударылмаған.

Соның салдарынан олар дәрігерлерге каралуда киындыктарға тап болыпты. Ал металлургиялық комбинат өкілдері бұл қолайсыздық сот процестерінің салдарынан туындаған деп отыр. Сондықтан мәселе шешімін тапқан бойда тиісті жарналар аударылмақ. Қазіргі уақытта компанияның заң және қаржы қызметтері жағдайды тезірек реттеу мақсатында құзыретті органдармен жұмыс жүргізіп жатқандарын айтты.