Астанада 730 адам қызылша жұқтырған

Астанада 730-дан астам адам қызылша дертін жұқтырса, оның 73 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.

Мамандардың айтуынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін вакцина алу маңызды. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам азамат дертке қарсы екпе алған. Қазір инфекция ошақтарында да жаппай иммундау шарасы жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері анықталса,, бірден тиісті мамандарға жүгіну қажеттігін айтады.