Павлодарда хостелдердің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Павлодарлық төтенше жағдайлар қызметкерлері жатақханалар мен хостелдерді тексеріп, өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Рейд барысында  қауіпсіздік қауіпсіздік ережелерін сақтамай, талаптарды орындамаған кәсіпкерлер анықталды. Мәселен, хостелдерде автоматтандырылған өрт дабылының жоқтығы, эвакуациялық жолдардың жабық болуы белгілі болды. Бұл – жиі кездесетін олқылықтар. Шара қорытындысы бойынша мамандар түсіндіру жұмыстарымен шектелді. Өйткені, шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың басшыларын жауапқа тарту үшін ресми арыз түсуі керек. Оған қоса, тексеріс жүргізуге мараторий жарияланған. Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында 30 шағын қонақүй мен хостел жұмыс істейді. Облыста өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау жұмыстары күшейтілді.

Тілекжан Галлямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

- Шығу эвакуациялық жолдарында арнайы белгілері жоқ. Одан басқа жиһаздар орналасқан. бұның бәрі егер өрт кезінде адамдар эвакуацияланған кезде кедергі келтіруі мүмкін. Одан басқа ғимарат ішінен газ баллоны сақталғанын анықтадық. Өрт қағидаларына сәйкес екі қабаттан жоғары қабатта газ баллоны сақталмауы керек.