Президент батыс өңірдегі ең ірі үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев батыс өңірдегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктерімен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді. Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар. Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.