Жамбыл облысында медициналық шприц шығаратын зауыт ашылды

Кәсіпорын жылына 250 миллион дана өндіруге қауқарлы.

Зауыт басшылығы ел нарығын отандық өніммен толық қамтамасыз етуді жоспарлайды. Сонымен қатар Жуалы ауданында медициналық пункт пайдалануға берілді.

Айша бибі ауылындағы бұл кәсіпорын 300-ге жуық медициналық бұйым шығарады. Енді мұнда медициналық шприцтің 4 түрін шығаратын тағы бір өндіріс іске қосылды. Инвестициялық жобаның құны 5 миллион доллар. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылады.

Әлішер Анарметов "Super Pharm" ЖШС өндіріс жөніндегі директоры:

- Біз әзірге өндірісті 15 пайыздық қуаттылықта қосып отырмыз. Алдымен нарықты бақылап, кейін толыққагды жұмысқа көшеміз. Әзірге шприцтің инесі Қытайдан жеткізіледі. Көктемде өзіміз шығарамыз. Жалпы ел нарығын толық қамтып, кейін экспортқа шығу жоспарымыз бар.

Бұған дейін Теріс ауылының медициналық пункті ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан. Нысанның жылуы мардымсыз, құрылғылары ескі болатын. Бүгін 10 орындық фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Аташбек Әмірқұл, Теріс ауылының тұрғыны:

- Бізде мынау көрші Бақалы ауылы бар. Екі ауылда 2 мыңдай халық тұрады бұл жерде. Сол жерлерге арнай бұл соғылғаннан кейін бұл ішіндегі заттарының барлығы жаңа заттар. Мамандары да жаңа толықтырылып жатыр. Врачтар келіп осы жерде жұмыс істейді. Құдай қаласы бұл үлкен маңызы бар мекеме.

Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары:

- 2023 жылға 1,7 миллииард теңге қаржы бөлініп, 10 емдеу ұйымдарының құрылысы жүргізілді. Ғимаратпен қамтылмаған, арендада отырған басқа ғимараттарда отырған 5 елді мекен болған. Оның бәрі биыл 2023 жылы соғылған ғимараттар есебінен шешілді.

Келер жылы аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 емдеу мекемесі салынады. Бұл елді мекендердегі ескі медициналық ғимараттардың мәселесін толық шешуге септігін тигізеді. Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә