Риддер, Теміртау және Екібастұзда жылу желілеріндегі ақау жөнделді

Жылу электр орталықтарында апат болған жағдайда барынша шұғыл әрекет ету қажет.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың сөзінше, Риддер, Теміртау және Екібастұзда жылуға қатысты технологиялық ақау алпына келтірілді. Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілері де жедел жөнделді. Жылу маусымына жүйелі дайындық барысында елдегі электр станцияларында 8 энергетикалық блок, 40 қазандық және 42 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Қалған 2 энерго-блок, 9 қазандық пен 11 турбинада жұмыстар аяқталуға жақын. 25,3 мың шақырым электр желісі, 564 қосалқы станция және 3,5 мың тарату пункті күрделі жөндеуден өтті.