Полиция Гүлдала ауылындағы газ жарылысын тексереді

Алматы облысы Гүлдала ауылындағы газ жарылысы құбырдағы қысымның өзгеруінен болған.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Кеше жарылыс салдарынан елді мекендегі екі үйдің 4 адамы зардап шеккен. Қазір олар Алматы қалалық номері 4-ші емхана мен көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр. Жағдайлары ауыр. Оқыс оқиғаға қатысты барлық материал полиция департаментіне жолданды.