А.Әлтай: Ұлттық құндылықтарымыздан ажырап барамыз

Мектептерде «Салт дәстүр және ұлттық құндылықтар» пәні оқытылуы керек.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай осындай ұсыныс жасады. Оның пікірінше, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы кемшін. Әсіресе жастардың тәрбиесі ақсап, шет елге еліктеушілік белең алған. Депутат, елімізге келген өнерпаздарға әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтығын сынға алды. Аманжол Әлтай елімізге келіп өнер көрсететеін шетелдік жұлдыздарға нақты талап қою керектігін айтты. "Мәдени іс-шаралар ұлт тәрбиесіне зиянын тигізбеу қажет",- дейді депутат.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депатуты:

- Қазақта, "Жаман үйдің қонағы билейді" деген сөз бар. Біз өз бағамызды да, өзгенің де бағасын білетін жұрт едік. Өкінішке орай, сол қасиетімізден айырылып, өзгенің жылтырағына талғамсыз табынатын еліктегіш болып барамыз. Өзгенің мәдени өнімдерін таразыламай, талғаусыз жұта беретін жағдайға жеттік. Тіпті, онымен тоқтамай, оларды қолдан пұт жасауға көштік. Өкінішке қарай, жастарымыз тикток тұтқынына айналған бүгінгі қоғамда ғасырлар бойы көздің қарасындай сақтаған ұлттық құндылықтарымыздан ажырап барамыз.