Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті

Өкінішке қарай 3 адам қаза тауып, тағы төртеуі дене жарақатын алды.

Қазір зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Полицияның мәліметінше, жолаушының қоғамдық көлікті тізгіндеген әйелді ұрған. Жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып, аялдама жанында тұрған адамдарды қаққан. Сондай-ақ төрт көлікпен соқтығысқан.