Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

Жаңа жылдың қызығы көп болғанмен, қаупі де бар. Мерекеде әсіресе өрт сөндірушілер кірпік қақпайды.

Өтіп бара жатқан жылда барлығы 10 мың 37 өрт оқиғасы болыпты. Мамандар 1 мың 27 адамды құтқарған. Оның ішінде 258-і бала.

Осындай қауіпті жағдайда 7 мың 304 адам эвакуацияланған екен. Өкінішке қарай 321 адам опат болған.

Мұндайда өрт сөндіруші-құтқарушының өзі басын қатерге тігеді. Біз бүгін осындай қатерлі жолда жүрген мамандардың кеңесін тыңдап қана қоймай, оттың ортасында жүретін маманды студиямызға шақырған едік. Ол – № 23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Есен Қарабеков.

Есенге өрт қауіпсіздігі жайлы бірқатар сауал қойған едік.

- Өрт сөндірушінің жұмысы ең қауіпті жұмыс екенін білеміз. Енді осы қаупі бір басқа, өрт сөндіруге барғанда киетін мына киімді киіп жүрудің өзі бір жұмыс қой. Қазір осы бойыңызда тұрған арнаулы киімнің жалпы салмағы қанша?

- Әрине, өрт сөндіруші епті, мықты, ширақ болуға тиіс. Одан басқа өрт сөндірушінің бойында өзге адамда жоқ қандай қасиет болуы керек?

- Өрт сөндірушінің жұмысы тек оттың бетін қайтару ғана ма әлде басқа да жауапкершілігі бар ма?

- Өзіңіз де талай өрт сөндіру оқиғаларына қатыстыңыз. Соның ішінде есіңізде қалғаны қайсы?

- Алдағы мерекеде, жұртқа абай бол деп жатамыз. Жұртқа қандай кеңес берер едіңіз?

Есен Қарабеков, № 23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары: