Ұлытауға ветеринарлық зертхана салынады

Ұлытау облысында келер жылы жаңа ветеринарлық зертхананың құрылысы басталады.

Қазір аймақта төрт түлікте кездесетін түрлі ауруды анықтайтын зертхана жоқ. Бұрынғысы үш жыл бұрын жабылып қалған. Нысанда тек қан сынамалары жиналғандықтан шаруалар ауру малдың талдамасын Қарағанды мен Астанаға тасуға мәжбүр болған еді. Ал зертхана жұмысын тоқтатқанда мамандар басқа кәсіпке бет бұрған. Сол себепті бірнеше ауылда ветеринар жетіспейді.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Концепцияда осы Ұлытау облысына ветеринарлық зертхана салу жоспарланып тұр. Ақшасы да қаралған. Сондықтан бұл мәселені шешеміз. Жобалық құжаттары жасалады, мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сосын құрылысы басталады.