Дәрігерлер 9 адамға өмір сыйлады

Жаңа жыл қарсаңында дәрігерлер 9 адамның ағзасын алмастырды, деп хабарлайды 24KZ.

Қолайсыз ауа райы операцияларды дер уақытында жасауға кедергі келтірді. Дегенмен науқастардың қуанышына қарай бәрі сәтті аяқталды. Алматы қаласының Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында бауырды ауыстыру, Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жүректі және өкпені алмастыру оталары жасалды.

Сондай-ақ елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 2 балаға жаңа бүйрек салынды. Ұлттық ғылыми онкология орталығында ересек адамның бүйрегі ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өскемендік және павлодарлық 2 донордың ізгі ниетінің арқасында 9 науқас көптен күткен қуанышқа бөленді.