Коллектор ұйымдарының қызметі реттеледі

Мәжіліс қарауында жатқан «Несие беру туралы» заңнамада несиелерді коллекторлық компанияларға сатуға шектеу қою ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, банк омбудсменінің өкілеттігі де кеңейтіледі. Сарапшылар бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайы мен еліміздің қаржы жүйесіне тікелей әсер ететінін айтуда.

Бауыржан Ысқақов, экономист:
- Бұрынғы заңнамада егер несиесі қайтарылмай қалатын болса, жүргізілетін үстемақылар өсе беретін. Қазіргі заң жобасында ондай шектеулер алынып тасталған. Мысалы, 90 күн өткеннен кейін айыппұлдар, үстемақылар тоқтатылады. Бұл халық үшін ыйғайлы. Көп қаражаттарды арзан бағада коллекторлық ұйымдарға сатып жіберетін. Осы арқылы коллекторлық ұйымдар арқылы шешетін. Қазір де ол шешімдер алынып тасталып жатыр.