Қ. Тоқаев: заңсыздық пен қатыгездікке қарсы тұруымыз қажет

Әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысады.

Ішкі істер органдарында тиісті мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді. Президент «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Бір өкініштісі, Заңды белден басушылардың қатарында қыз-келіншектер де бар. Былтыр мыңға жуық әйел мас күйінде балалары мен ата-анасына қол көтерген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты. Оның сөзіне сүйенсек, заңдағы жазаны қатайту шарасы нәтиже бермесе, қылмыстың алдын алуға басымдық берген жөн. Өйткені көп жағдайда физикалық қылмысқа психологиялық зорлық-зомбылық итермелейді. «Осыған байланысты қоғамда отбасылық психологтың қызметіне ұдайы жүгіну дағдыға айналуы тиіс», - дейді спикер.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мысалы, көбі айтады. Әйелдердің өздері егер де жолдасынан зәбір көрсе, өздері соған апарады дейді. Шынымен ондай да бар. Психологиялық зорлық-зомбылық деген нәрсе бар. Егер де отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, дағдарыс орталықтарына жүгіну ұят болмау керек. Қазір әлі де психологқа бару - ұят.