Жылыту маусымы кезінде бірқатар нысанда 281 ақау тіркелді

Елдегі инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – ауқымды әрі күрделі міндет.

Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық басылымға берген сұхбатында айтты. Президент: «бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр», - деді. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкімдіктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс істеді. Бірқатар нысан жөнделді. Мәселен, 2022-2023 жылдары жылу электр орталықтарында 278 техникалық ақау болған. Ал ағымдағы жылыту маусымы кезінде бірқатар нысанда 281 ақау тіркелді. Былтырғы жылдың 11 айында Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы  2 жылу электр орталығында 9 апаттық жағдай болған. Одан кейін Қарағанды облысындағы бірқатар жылу орталығында бірінен кейін бірі 4 рет ақау шықты.