«Мен донормын» қан тапсыру акциясы өтті

Елде «Мен донормын» атты қан тапсыру акциясы өтті.

Науқан аясында «Ауыл» партиясының белсенділері ерікті түрде қан тапсырды. Бас қаладан бастау алған бастама 19 өңірде жалғасын тауып, бас-аяғы 400-ден аса азамат донор атанды. Қатарларында тапшылығы жоғары теріс резус факторлы қан тобындағы еріктілер де бар. Олар қанға мұқтаж қарашаға көмек қолын созып, қайырымды іске атсалысқанымызға ризамыз - дейді. Атаулы акция аясында жиналған қан қоры елдегі ауруханаларға жіберіледі. Айта кетейік, өткен жылы 100 мыңнан аса қазақстандық қан тапсырған.

Дәурен Рахымбек, «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы:

- Қан орталығы бізге ұсыныспен шықты. Бүгінгі күні қан жетіспеушілігі бар жәнеде азаматтық позициясыме өз еркімен қан тапсыратын азаматтар аз. Сол себептіде бізге әрбір қан маңызды. Сол себептіде өзіміз бастамашыл болып, басқа бір адамға жаңа өмір сыйлауға ұйымдастырып жатырмыз. Қатарларымызда тек ғана жастар емес, аға буын өкілдері бар, орталық аппарат қызметкерлері бар.