Жер сілкінісінің афтершогы бәсеңдеп жатыр

Қазіргі уақытта Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің афтершогы бәсеңдеп жатыр.

Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ осы орталықтың сейсмикалық ахуалды бағамдау жөніндегі комиссиясының Кезектен тыс отырысының қорытындысы жарияланды. Ғалымдардың айтуынша алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында күшті жер сілкіністері 70 процент ықтималдықпен күтілмейді.