Алматыда «Керей мен Жәнібек» комиксының таныстырылымы өтті

Авторы Ілияс Юсупжанов. Кітапшада оқиғаның желісі суретке салынып, әдебиетпен ұштасады.

Туынды балаларға арналған. Жас жазушы түрлі-түсті суреттермен бейнеленген кейіпкерлер арқылы тарихи деректерден хабардар етуді көздепті. Комикстің алғашқы шығарылымы 80 беттен тұрады. Автор «100 отандық комикс» жобасы аясында қазақтың әр ханына арнап, комикс шығаруды көздеп отыр. Оның айтуынша, бұл жанр  тарихи оқиғаларды жеңіл есте сақтап, балалардың қызығушылығын оятуға септігін тигізеді. Комикс қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан. Кітапханаларға тегін таратылады.

Ілияс Юсупжанов, жазушы:

- Біз комиксті толығымен ұлттық музейдің антропологиясына сәйкес құрастырдық. Көптеген тарихшылармен, филологтармен кеңестік. Бұл бастаманың қайдан шыққанын да айта кетейін. Мен мектеп бітірген кезде біраз қиналдым. ҰБТ-тапсырған кезде Қазақстан тарихынан қажетті балл жинай алмадым. Көп деректерді есте сақтай алмадым. Содан кейін, тарихи оқиғаларды оңай есте сақтау үшін жазуға сурет қосу туралы ой келді. Бұл жұмысты арықарай жалғастыратын болам.