Отбасында зорлық жасаған агрессивті адамдар психолог көмегін алуға міндеттеледі

Ұрып соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қылмыстық жауапкершілікке жатқызу қажет.

Әрі жазасын әлдеқайда қатаңдату маңызды. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікпен шектелген. Мәжіліс депутаттары әйелдердің құқығы және балалардың қауіпсіздігі бойынша заңдарға өзгерту мен толықтырулар енгізуге мүдделі. Асхат Аймағамбетов отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу керек дейді. Депутаттың сөзінше суицидты насихаттаудың өзіне қылмыстық жауапкершілік жүктеу қажет. Асхат Аймағамбетов балаларға зәбір келтіргендердің де жазасын қатаңдату өзекті дейді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма бар. Суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және бұған қоса балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын ала ескертпей, кез келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар қарастырылған.