Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі болды

Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымы Көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі атанды.

Қазақстанның халық әртісімен бірге Гвинея, Гана, Аргентина, Босния, Албания елінен спортшылар, актерлер, фотографтар, журналистер және уругвайлық фубол клубы да осы атаққа ие болған. Димаш ресми сайтында ізгі ниет елшісі атанғанын мақтан тұтатынын айтып, барлық елді бейбітшілік жолында бірігуге шақырды.