Ұлттық тестілеу орталығына ұрлыққа түскендер ұсталды

3 адамнан құралған қылмыстық топ заңмен қорғалған ақпаратқа қол сұққан.

Сол арқылы педагогтар мен магистранттардың білімін бағалау тестін көшіріп алған. Қазір қылмыскерлерге сот үкімі шықты. Енді олар 1 жыл бас бостандығынан айырылып, 3 жыл ішінде лауазымды қызметке тағайындалу құқығынан шектеледі. Бұл жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.