Жоғалған шопандар табылды

Абай облысында аязды күні адасып кеткен екі шопан табылды.

Олар Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан Суықбұлақ ауылына беттеген жолда трактордың жанармайы қатып қалған. Кері қайтпақ болған ауылдықтар бағытынан жаңылып, құтқарушыларға хабарласты.

Көмекке шыққан полицейлерге іздеу жұмысы оңайға соқпапты. Қызметтік көлік қар құрсауында қалып, тәртіп сақшылары екі шақырым жерді жаяу жүріп өтті. Ақырында жоғалғандарды кезіктірді.