Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Атап айтқанда, мұржалар мен пештерді жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда бір рет күлден, ыстан тазарту қажет. Ал пешті жағуды ұйқыға жатардың алдында бірнеше сағат бұрын аяқтау керек. Жанбай қалған отын қалдығынан, аздап жылудың шығуы зардап тигізбейтінін ескерген абзал. Сондай-ақ, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды. Пештің үстінде отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдар мен заттарды кептіру өрттің туындауына себеп болуы мүмкін.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды:

- Мұржалар мен пештерді жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда бір рет күлден, ыстан тазарту қажет;

- Пешті жағуды ұйқыға жатуға бірнеше сағат қалғанда аяқтау керек;

- Жанбай қалған отын қалдығынан уланып қалғанша, аздап жылудың шығуы көп зардап тигізбейді;

- Ешқашан есігі ашық күйде пештерді жағуға болмайды;

- Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;

- Пештерде отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдар мен заттарды кептірмеңіз немесе қоймаңыз.