Қонаевта «Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз» мерекелік шарасы өтті

Қонаев қаласында Алматы облысындағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз» атты мерекелік шара өтті.

Өңірлік «Қоғамдық Келісім және даму орталығы» ұйымдастырған мерекелік жиын барысында қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі қойылды. Алматы облысында 26 этномәдени орталық бар. Соның бірі Іле ауданындағы «Ronai» күрд этномәдени бірлестігі. Олар мерекелік шараға тұрақты атсалысып келеді. 

Гамзе Гейдаров, "Ronai" күрд этномәдени орталығының жетекшісі:

- Отандастарыма ынтымақ, береке-бірлік тілеймін! Қазақ Елі жасай берсін!

Ербосын Сәкенұлы, "Қоғамдық келісім және даму орталығының" басшысы:

- Жалпы енді биылғы алғыс айту күнінің символы тұмар мен құрт болып табылады. Бізде этномәдени орталықтар бүгін челлендж жасап, мектептерде, аудан, қала көлемінде таратылып, челленджді жалғастырып жатырмыз.