Ғылым және бизнес: Өндірістік инновациялар

Отандық ғалымдар тозған топырақты қалпына келтіру бойынша бірнеше жоба жасады.

«Енді сол теорияны практикада іске асыруды жоспарлап отыр. Одан бөлек, жайылымның өнімділігін арттыру керек» дейді. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Білім және бизнес: өндірістік инновациялар» атты халықаралық конференцияда айтылды. Шараға қатысқан жергілікті шаруалар мен өндіріс орындарының өкілдері тың жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мысалы аймақта маман тапшы. Салдарынан кейбір кәсіпорындар  толық қуатта жұмыс істей алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін Шоқан Уәлиханов университеті мен кәсіпорындар бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Халықаралық конференция осымен 4-ші рет өтіп отыр. Оған шетелдік ғалымдар мен сарапшылар  қатысуда. Биылғы шара белгілі ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналды.

Әбілжан Құсайынов ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының академигі:

- Өндірісті қынжылтаттын, қинайтыны топырақтың құнарсыздығы мәселесі. Жалпы топырақтың құнарлығын өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу өте қажет. Міне, осы мәселелерді талқылап, өндіріс мамандарымен ақылдасып, осы тақырыпты алға қойып отырған жәйіміз бар.

Марден Байдалин, «Ualikhanov University» Ғылым департаментінің жетекшісі:

- Бүгінгі конференция өндіріс ошақтары мен университеттің пікір талас алаңына айналып отыр. Яғни өңірімізге қандай ғалымдар, өңірімізге қандай мамандар керек екені осы конференциямыда анықталып, университет келешекте қандай мамандар керектігі бойынша жұмыс жүргізеді. Біздің агротехникалық институт жылына 700-800 ге жуық мамандарды еңбек нарығына  шығарады. Жұмысқа орналасу 90 пайызға жуықтайды.