Ұлттық құрылтай. LIVE

Атырауда Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысы басталды.

Осы уақытта қандай тақырып талқыға түсіп жатыр?

Асланбек Шығыр, тілші:

- Әз-Наурыздың бастауы Амал мерекесі құтты болсын! Иә, осындай айтулы күнде мұнайлы өңірде Ұлттық Құрылтайдың секциялық отырысы басталды. Бір сағат бұрын осы біз тұрған ғимаратта Ұлттық Құрылтай мүшелері бас қосып, маңызды мәселелерді талқыға салып жатыр. Алқалы жиынның бағдармаламасына сәйкес қазір “Азаматтық қоғам” және “ Мәдениет. Өнер. Руханият” секцияларының отырысы өтуде. Ұлттық Құрылтайдың Атырауда өткізілуі тегін емес. Өйткені ұлт ұясы Ұлытаудан басталып, екі дүниенің есігі болған Түркістан жерінде жалғасқан алқалы жиын биыл, міне, Қасым ханның тұсында Қазақ Хандығының астанасы болған Сарайшық қаласы орналасқан Атырау жерінде өтіп жатыр. Хан ордалы Сарайшық сонау Алтын Орда дәуірі мен қала берді Ноғайлы, кейін Қазақ Хандығының 7 билеушісі жерленген киелі мекен. Биылғы Ұлттық Құрылтайда өңірлерді дамытуға, әлеуметтік мәселелерге баса мән беріледі. Өйткені өңірлерді дамыту елдің дамуына жол ашады.

Сондай-ақ бүгінгі жиында азаматтық және әділетті қоғам қалыптастыру тетіктері талқыланады. Аазматтардың құқықтың сауаттылығын арттыру мәселесі де күн тәртібінде.