А. Жүдебаев: Кітапханалардың болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларының ұлт тағдыры үшін маңызы зор.

Атап айтқанда, руханияттың кені саналатын кітапхана салу ісі көкейге қонды, – дейді Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев. Еліміз бет бұрған жаңашылдық тарихымызбен, дәстүрімізбен астасып жатса құба-құп.

Арман Жүдебаев, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:

- Жоғары оқу орнының басшысы ретінде қатты қуандық, біріншіден, Алматы шаһары мен біздің үлкен Астанамыздың төрінде кітапханалар бой көтеретініне. Бұл, әрине, біздің болашаққа, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы өте зор. Әрине, ұлттық болмысымызды, дәстүрімізді ұмытпай, креативті, заман талабына сай біз әрекет жасап, соған жұмыстануымыз керек. Жаңашылдық болу керек. Сонда біздің еліміз одан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз.