Блиц. Білімді жастар – ел болашағы

Көкшетаулық жастар Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларға қатысты пікір білдірді.

Олардың айтуынша Президент жүктеген міндеттер экономика мен әлеуметтік салада қордаланған біраз проблемаларды шешуге ықпал етеді. Өз кезегінде жастар бастамаларға сөзбен емес, нақты іспен үлес қосуға дайын.

Блиц:

- Жасанды интеллекті қарқынды дамыту қажет. Бұл қазіргі таңда үлкен мәселенің бірі болып табылады. Біз шетелден жасанды интеллект бойынша қалып келеміз. Сондықтан жастар болып, бірігіп жасанды интелекті дамытуға үлес қосайық.

- Келесі құрылтай біздің Көкшетауда болады деп естіп жатырмыз. Жастар мұны қолдаймыз. Жаңаша бағытта, жаңа идеяларды енгізуге дайынбыз.

- Маған қатты ұнаған ұсыныстардың бірі ұлттық кітап күнін еңгізу. Өйткені, мына домбыра күні деген бар ғой. Сол күннің аясында біраз домбырамыздың мәртебесі көтеріліп қалды. Қаншама пайдалы іс-шаралар өтті. Енді кітап күні де сондай әсер береді деп ойлаймын.