М. Әшімбаев К. Комбоспен кездесті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті.

Сенат спикері Кипрді Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін назар аударды. Сондай-ақ екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын одан әрі жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы байланыстарды да арттыру мәселесін талқылады.