Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

Аягөз ауданындағы Кіші Аягөз өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

Төтенше жағдай мамандарының хабарлауынша, үйлерді су басу қаупі жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта Аягөз қаласындағы екі көшеге бөгет қойылып жатыр. Бұл жұмысқа 14 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Судың елді мекендерге жайылуына жол бермеу үшін 400 тонна инертті материал жеткізілген.