Подстепное-Федоровка: жол қатынасы қалпына келтірілді

Жол қатынасы қалпына келді. Батыс Қазақстан облысында «Подстепное-Федоровка» тасжолының 35-ші шақырымын қызылсу шайып кеткен болатын.

Салдарынан республикалық маңызы бар автокөлік жолы жабылған еді. Қазір қатынас қайта қалпына келді. Инертті материалдар төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 14 техника мен 20 адам жұмылдырылды.