Моноқалаларда 57,6 шақырым желі жаңартылады

Былтыр елдегі моноқалаларда 173 шақырым жылу желіcі күрделі жөндеуден өткен, деп хабарлайды 24KZ.

Шағын шаһарлардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мақсатында биыл тағы 58 шақырымы жөнделеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, осылайша  коммуналдық желілердің тозу деңгейі біршама төмендемек. Сонымен қатар бүгінгі таңда 18 моноқалада кәріздік тазарту нысандарын салу бойынша жобалар іске аспақ. Жыл соңына шейін тағы 5 шағын қала ауызсумен толық қамтамасыз етіледі.

Моноқалалардағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 2,8 мың шақырым

173 шақырым жылу желілері жөнделді

57,6 шақырым желі жаңартылады

18 моноқалада кәріздік тазарту құрылыстары жүргізіледі.