Шымкенттен қайырымдылық керуені жолға шықты

Шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтті.

Еріктілерден құралған топ Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары үшін көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация секілді құтқару жұмыстарына қажетті заттарды жинады. Сонымен қатар жүк көліктеріне азық-түлік өнімдері мен гигиеналық заттар тиелді. «Зардап шеккен жұртқа соңына дейін қолдау көрсетеміз»,-дейді ұйымдастырушылар.

Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихаттың төрағасы:

- 15 миллионнан астам қаржыға арнайы азық-түлік, киім-кешек және де көрпе-төсектер жинадық. Бүкіл Қазақстаннан бәрі осы мәселеге осындай көзқараспен қарап жатыр.